Полиция қызметкері шыныққан, дайындығы жоғары, әрқашан кез-келген жағдайда жылдам әрекет ете білуі тиіс. Қызметкерлердің осыған сай жаттығуларын арнайы және жұмылдыру даярлығы басқармасы қамтамасыз етеді.
- По команде: «Пистолет, оружие!» — сотрудники извлекают оружие кобуры, безопасное положение принимают, положение ожидания. Следующая команда: «Зарядить оружие, приготовиться!»
Облыс полициясының әрбір қызметкері тирде айына екі рет өтетін сабақтарға қатысады. Қаруды қауіпсіз әрі жауапкершілікпен қолдану – ең басты қағида. Ең алдымен қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық өткізіледі. Ал атыс шебінде барлығы нұсқаушының талаптарын сөзсіз орындайды.
- После стрельбы палец не должен оставаться на спусковом крючке.
Жаттығу залында да дәл осындай тәртіп. Ол жерде полицейлер аптасына екі рет дене шынықтырумен және күрестiң жауынгерлiк тәсiлдерiмен айналысады. Тактикалық және арнайы дайындық бойынша сабақтар үнемі өткізіліп тұрады. Күш, ептілік пен төзімділіктен бөлек, кенеттен өзгеретін жағдайларда полицейлерден дұрыс әрі жылдам шешім қабылдау талап етіледі.
Руслан Құдайбергенов, СҚО ПД арнайы және жұмылдыру даярлығы басқармасының аға инспекторы:
- Арнайы және жұмылдыру дайындығы басқармасы ІІМ-нің бұйрығына сәйкес 2016 жылы құрылған. Бірінші құрамға облыстың жауынгерлік және қызметтінің даярлығы мол қызметкерлер кірді. Кейін басқарма құрамы жұмылдыру даярлығы және арнайы жедел жоспарлар тобы енді. Осылайша қазіргі уақытта басқарма облыс департаменті қызметкерлерінің жауыегерлік даярлығы мен кәсіби шеберлігін арттыру жөнінде әжептәуір іс-шаралар кешені өткізілуде.
Олардың міндетіне ТЖД, ҰҚКД, Ұлттық Ұлан және басқа да қызметтермен бірлесіп, дағдарыстық жағдайларда өзара іс-қимылды пысықтау кіреді. Арнайы және жұмылдыру даярлығы басқармасының қызметкерлері кадр саясаты басқармасының психолог мамандарымен де тығыз жұмыс істейді. Командалық рухты нығайтуға бағытталған бірлескен сабақтар өткізіледі. Мәселен, жуырда страйкбол ойнады. Атыс, саптық, дене шынықтыру және кәсіптік даярлық. Бұл – бүгінгі күннің полицейіне қойылатын талаптардың бір бөлігі ғана. Тәртіп сақшыларының даярлығы облыстық полиция департаменті басшылығының тұрақты бақылауында.