Александр Винокуров спорт сарайында "Көк трактор" балалар инновациялық-дамыту орталығының тәрбиеленушілері үшін спорттық мереке өткізілді. Іс-шара бағдарламасында әр түрлі қашықтыққа жүгіру және доп лақтыру сынды жаттығулар болды. Ары қарай арна тілшісі сабақтасын.


 Белсенді өмір салты адамның иммунитетін қалыптастыруда шешуші рөл атқарады. Петропавлда ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған спорттық акция өтті. Оған 120-ға жуық бала қатысты. Іс-шаралық бағдарламада 60 және 200 метр қашықтыққа жүгіру, сондай-ақ доп лақтыру болды. Спорттық іс-шараның басты мақсаты - барлық адамдардың спортпен шұғылдана алатындығын көрсету.


ЕВГЕНИЯ БОЙКО, "КӨК ТРАКТОР" ИННОВАЦИЯЛЫҚ-ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

-  Бүгінгі іс-шара біздің өңірімізде бірінші рет ұйымдастырылып отыр . Енді осы акцияны басқа облыстарға эстафета ретінде жолдаймыз. Бойында таланты жоқ бала болмайтын. Кейбір жеткіншектер үшін спорт ол - олимпиада, жарыс болса, біздің орталықтың тәрбиеленушілері үшін бұл алғашқы қадам.Яғни біз олардың қоғамға бейімделуіне көмектесуіміз керек.


 Бүгінгі күн балалар үшін нағыз спорттық мерекеге айналды. Бұл шараға барлық балалар өз үлесін қосып, көңіл көтере алды. Мұндай жарыстарды ұйымдастырушылар дәстүрге айналдырып, жыл сайын өткізгілері келеді.


Мен спортпен айналысқанды жақсы көремін.Оның ішінде маған гимнастикамен айналысқан қатты ұнайды. Қазір мен гимнастикалық жаттығулардың бірнешеуін жасай аламын.


  Мен жүгірумен айналысқанды жақсы көремін. Бүгін мен спорттың осы түрінен бірінші орынды иелендім.


 Бүгінгі күнгі іс-шарада жеңімпаздар да, жеңілгендер де болған жоқ. Барлық балаларға демеушілерден тәтті сыйлықтар үлестірілді, ең бастысы олар жақсы көңіл күймен үйлерін қайтты.