Полицейлер өтініштер мен хабарламаларды көп арналы байланыс арқылы жіберу мүмкіндігін еске салады. "102" нөміріненбасқа, гаджеттің әрбір пайдаланушысы мобильді қосымша арқылы полицияға жүгіне алады.
- На приеме! - «371» Около торгового дома - попрошайничают
Полицияның жедел әрекет етуін талап ететін барлық ақпарат жедел басқару орталығына түседі. Құрамында 8 полиция қызметкері бар кезекші ауысым тәулік бойы қызмет атқарады; бейнебақылау камераларының көмегімен қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қадағалайды, "102" нөміріне қоңыраулар мен хабарламалар қабылдайды, нарядтарды қылмыс пен оқиға орнына жібереді.
Қанат Қасенов, Петропавл қ. полиция басқармасының жедел басқару орталығы бастығының орынбасары:
- Жыл басынан жедел «102» арнасына азаматтардан 68.818 қоңырау шалынды. Соның ішінде осы 6 айдың ішінде бейнебақылау камералары арқылы 9344 әкімшілік құқық бұзушылық әшкереленді. Үстіміздегі жылдың 6 айы ішінде бейнебақылау инспекторларының көмегімен, осы қала орталығында орналасқан бейнебақылау камераларының көмегімен 107 қылмыс әшкелереніп, ашылды
"102" арнасына келіп түскен 68 мыңнан астам телефон қоңырауының 22 637-сі бойынша жедел шара қабылдау талап етілді. Бейнекамералар арқылы анықталған 9 344 әкімшілік құқық бұзушылықтың жартысынан көбі жол қозғалысы ережелерін бұзуға қатысты. "102" мобильді қосымшасы арқылы полицияға 111 хабарлама келіп түсті. Олардың негізгі бөлігі - жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету желісі бойынша. Петропавл қаласының аумағында SOS түймешелері жұмыс істейді. Олар адамдар көп жиналатын жерлерде орнатылған және полициямен аудио және бейне байланыспен жабдықталған. Қоңырау шалу түймесі жерден бір метр қашықтықта орналасқан; қажет болған жағдайда кішкентай балалар да функционалды пайдалана алады. Жыл басынан бері осы жаңалық арқылы полицияға 8 хабарлама келіп түсті, олардың барлығына кезекші тәулікте ден қойылды.