Облыс орталығында грек-рим күресінен КСРО спорт шебері Василий Левчукті еске алуға арналған республикалық турнир басталды. Жарысқа 2009-2011 жылы туған жасөспірімдер қатысып жатыр. Биыл турнирде Шымкент, Көкшетау қалалары мен Ақмола облысынан, өңір аудандарынан келген 120-ға жуық балуан бақ сынайды. Әріптесімнің сюжетіне зер салайық.


 2009-2011 жылы туған жасөспірімдер арасында грек-рим күресінен басталған республикалық турнир дәстүрлі. Биыл додаға 120-ға жуық балуан қатысып жатыр. Арасында Көкшетау, Шымкент және Ақмола облысынан келген балуандар да бар. Ұйымдастырушылардың сөзіне қарағанда, бұл жарыс арқылы үздіктерді анықтау, өзара тәжірибе алмасу.


МЕЙРАМ ХАМЗИН, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӘРЕЖЕДЕГІ ТӨРЕШІ:

- Бұл жарыс Левчук Василий Николаевичтің еске алу турнирі. Ол кісінің облысқа күреске деген еңбегі сіңген жаттықтырушы. Сол себеппен жасөспірімдер арасында осындай грек-рим күресінен жарыс өткізіп жатырмыз. Бұл жарыстың мақсаты -біздің облыстың күрестің деңгеййін жоғары қарай өсіру. Өзіміздің облыстық команданы болашақ жарыстарға іріктеу ретінде өткізіп жатырмыз. 


Биылғы турнирде балуандар 12 салмақ дәрежесі бойынша күреседі. Руслан Ильясов Қызылорда облысының тумасы. Бүгінде жас спортшы облыстық интернаттың тәрбиеленушісі. Ол осы жылғы жарыста жеңіске жету үшін барымды саламын дейді.


 РУСЛАН ИЛЬЯСОВ, ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ:

- Жекпе-жек оңай болған жоқ. Десе де, қарсыласымды 8:3 есебімен жеңдім. Бұл жолғы додада жеңіске жеткім келеді. Себебі мен республикалық деңгейдегі жарысқа мықтап әзірлендім. 


Жарыс екі күнге шақталған, қорытындысы бойынша жеңіске жеткендер марапатсыз қалмайды.