«Динамо» стадионында облыс полицейлері шағын футболдан жарыс ұйымдастырды. Жасыл алаңда уақытша ұстау изоляторлары, қаңғыбастарға арналған қабылдау-тарату орны, әкімшілік қамауға алынған адамдарды арнайы қабылдау орындары, айдауылдау қызметінің взводының қызметкерлері өзара мықтыны анықтады.


 Бұл қызметтер көпшілікке жария етілмейді, бірақ олардың жеке құрамы күн сайын арнайы білімді, дайындықты және дағдыларды қажет ететін күрделі және жауапты тапсырмаларды орындай отырып қызмет атқарады. Ұжымдық рухты нығайту үшін полиция департаменті басшылығының бастамасымен осы қызметтердің полицейлері үшін алғаш рет "Динамо" облыстық дене шынықтыру-спорт қоғамы мамандарының қолдауымен шағын футболдан турнир ұйымдастырылды.


ЖАНҒАЛИ ЖАЛБИЕВ, Ғ.МҮСІРЕПОВ АУДАНДЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ УАҚЫТША ҰСТАУ ИЗОЛЯТОРЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

- Барша ойыншыларға сәттілік тілейміз. Ойын өте қызықты өтіп жатыр. Тек қана достық жеңсін, сәттілік барша ойыншыларға.


Жарыстың қорытындысы бойынша үшінші орынды Тайынша ауданы полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторының командасы, екінші орынды – Петропавл қаласы полициясы басқармасының уақытша ұстау изоляторының командасы иеленді. Турнирдің жеңімпазы - Айыртау ауданы полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторының командасы болды. Финалда өнер көрсеткен командалар бағалы сыйлықтармен, медальдармен, кубоктармен және грамоталармен марапатталды.