2800-ге жуық солтүстікқазақстандық студент жатақханаға мұқтаж. Жалпы бұл мәселе елімізде шешімін тауып жатыр. Осыдан 5 жыл бұрын мемлекеттік жоба қолға алынды. Оның нәтижесі туралы өңірге іс-сапармен келген Ғылым және жоғары білім министрлігіне қарасты «Қаржы орталығы» АҚ өкілі Қайсар Төлепбаев айтып берді.


Жалпы елімізде 2018 жылдан бері 40 мыңға тарта төсек орны бар жатақхана қолданысқа тапсырылған. Жүйенің ерешелегі – инвестор студенттер үйін тұрғызады немесе ескі нысанды қалыпқа келтіреді. Кейін мемлекет тарапынан студенттердің санына байланысты кәсіпкерге төлем жасалады. Ол 6 жыл көлемінде жүзеге асырылады. Яғни, осы уақыт аралығында мемлекеттен инвесторға ай сайын белгіленген қаржы аударылып тұрады. Ал егер нысан қайта жөнделсе, мерзім тағы 2 жылға ұзартылады.


ҚАЙСАР ТӨЛЕПБАЕВ, ҚР ҒЖБМ “ҚАРЖЫ ОРТАЛЫҒЫ” АҚ ӨКІЛІ:

 –Қазіргі таңда елімізде 63 мыңнан астам жас жатақханаға зәру. Республика бойынша Солтүстік Қазақстан облысы 5-ші орынға тұрақтады. Өңірімізде 2800-ге жуық азамат жатақханаға мұқтаж.