Хирургия – клиникалық медицинаның негізгі бөлімдерінің бірі. Үлкен жауапкершілікті, жылдам шешімді талап етеді. Ерғали Абдуллаев Мағжан Жұмабаев ауданының білікті хирург дәрігері. Өз ісін жетік білетін маманның солтүстікте еңбек етіп жүргеніне 6 жыл болған. Арна тілшілері ақ халатты абзал жанмен сұхбаттасқан болатын. Бейнематериалға назар аударайық.


«Дәрігер болу үшін бейімділік, икемділік, қабілеттілік қасиеттері аздық етеді. Маманның бойында салаға деген махаббат пен ҮЛКЕН ЖҮРЕК болуы керек.» Бұл - Ерғали Баймұратұлының басты ұстанымдарының бірі. Жоғары санатты дәрігер осы салаға өзінің 20 жылын арнаған. Оңтүстіктің тумасы. «2017 жылға дейін Түркістан қаласында еңбек еттім кейін Солтүстікке шақырту алдым дейді», – дәрігер.


ЕРҒАЛИ АБДУЛЛАЕВ, М. ЖҰМАБАЕВ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫ ХИРУРГИЯ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

- Халықаралық қазақ түрік университетін бітірдім. Хирургия маманды,ғы бойынша. Дәрігер болу менің балалық арманым болатын. Арманыма жеттім.  Хирург болғаныма өкінбеймін. Себібі әрбір науқастың өмірін құтқару біз үшін үлкен мәртебе. 


Хирургия – медицинадағы көп жақты, күрделі, қиын да жауапты бөлім. Әртүрлі қиын оталар жасап, адам өмірін өлімнен арашалап қалу керек.


СЕМЕН КОЗЛОВСКИЙ, АУДАН ТҰРҒЫНЫ:

- Мұндағы күтім жақсы. Шағымым жоқ. Дәрігер өз ісіне жауапты, тиянақты. Бүгін бәрімізді қайта қарап шықты. Ауруханадан шығуға әлі ерте, тігістер толық жазылмаған деді.


Аудандық ауруханадағы хирургиялық бөлім 20 орынға есептелген. Мұнда шұғыл және жоспарлы науқастар қабылданады.


 ЕРҒАЛИ АБДУЛЛАЕВ, АУДАНДЫҚ АУРУХАНАНЫҢ ХИРУРГИЯ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

-  Мұнда жоспарлы және шұғыл операциялар болады. Шұғыл операциядан – ішек өтімсіздігі және т.б. жоспарлы операциялардан – сол грыжесечение, холестатия болады. 


 Бірінші байлық - денсаулық. Қай жеріміз ауырмасын осы дәрігерлердің көмегіне жүгінеміз. Ал дәрігерлерге адам тағдыры болғандықтан қателесуге жол жоқ.



Айнұр Досан