Үш күннен соң ҚР Парламенті Мәжілісінің және мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлауы өтетін болады. Алдағы сайлаудың бұрыңғылардан айырмашылығының бірі- сайлау жүйесінің өзгеруі. Яғни бұл жолғы сайлау пропорционалды-мажоритарлық жүйе бойынша өткізілетін болады. Мәжілістегі орынға партиялық тізім бойынша ғана емес, жекелеген азаматтарда өзін-өзі ұсынуға мүмкіндік алған.


19 наурыз күні өтетін ҚР Парламенті Мәжілісінің және мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау ел азаматтары үшін демократияның көрінісі ғана емес,үміт пен сенімге жетелейтін кезең. Бұл күні әсіресе әрбір дауыс беруші азаматқа жауапкершілік артатыны сөзсіз. Өйткені ҚР-ның әр тұрғынының дауысы өте маңызды. Саяси науқанға орай қала тұрғындары өз ойларымен бөлісті. Олар бұл сайлаудан оң өзгерістер күтетінін, елімізде өзекті мәселелер шешімін тауып, әділдік орнайтынына сенеді.


- «Сайлауға барлықтарыңыз келіп,атсалысуларыңызды сұраймын.Себебі бұл сайлау еркшелігі басқа сайлауға қарағанда әділдік орнайды деп,жаңа Қазақстанда жаңаша өмір сүруге жағдай болады.Жер барлығы халықтікі болады деп ойлаймын.


- «Осы сайлаудан кейін үй жағдайы,жұмыс мәселесі,зейнетқаның өсуін қалаймын.Барлығын таңдау жасауға,сайлауға шақырамын.


 – Жұбайым екеуміз дауыс беруге барамыз.Дауыс беру әр азаматтың борышы деп санаймын.Әрине осы сайлаудан соң бір қатар мәселелер шешімін табады деп сенеміз.