Жерлесіміз, батыр, жырау Қожаберген Толыбай ұлының туғанына 360 жыл толуына орай Сәбит Мұқанов атындағы облыстық кітапханада өңір ғалымдары мен зиялы қауым өкілдерінің және оқушылар, студенттердің қатысуымен ғылыми-практикалық конференция өтті. Іс-шара барысында жиналған қауым қолбасшының өмір жолы мен шығармаларын талқылады.


 «...Ел –жұртынан айырылған жаман екен, қара көзден мөлтілдеп жас келеді. Елім-ай, Елім-ай...» - деп, жырлаған Қожаберген жыраудың туғанына биыл – 360 жыл. Көпке танымал дастаннан – сол кезде қазақ халқының басына түскен қайғыны, тарихты білуге болады. Бүгінгі шарада жиналған қауым жыраудың өлең-дастандарын оқып, жерлесіміздің Тәуке хан кезіндегі «Жеті жарғы» заңдар жинағының жазылуына үлес қосқандығы жайлы әңгіме өрбітті.


ЖАНАР ТАЛАСПАЕВА, М.ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СҚУ ПРОФЕССОРЫ:

-  Қожаберген жыраудың жырларын оқып отырғанк езде, өзімізге үлкен ақпарат аламыз. Ол өзінінің өмір сүрген дәуіріндегі оқиғаны, сол кездегі адамдардың, рулардың аттарын, жаугершілік заманда тәжік,өзбек сияқты мұсылман халық аарсныда қандай байланыс болғанын өзінің шығармаларында көтереді. 

 

Іс-шараға дүлдүл қолбасшының ұрпақтары да қатысты. Олар өздерінің бала кезінде батыр да айбарлы аталары тулары естіп-білген естеліктерімен бөлісті.


ҒАЛЫМ ӨРКЕШОВ, ҚОЖАБЕРГЕН ЖЫРАУДЫҢ ҰРПАҒЫ:

-  Жас кезімде біз Қожаберген жырау туралы, Сегіз сері туралы естіп білетінбіз. Міне бүгін кітапханада сол кісі туралы іс-шара өткізіліп жатыр. Бұның барлы ұлы аталарымызды еске алып өткізіп жатырмыз. Өзім спортшы болғандықтан осы атамыздың атында 5 жыл бойы қазақ күресінен үклен турнир өткізіп келеміз.


 Жиын соңында мектеп оқушылары мен студенттер жыраудың шығармаларынан үзінді оқыды.



Майгүл Сейілбек