Мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат ісі - өңірдегі ірі саланың бірі болып есептеледі, оған 600-ге жуық нысан қарайды. Биыл бұл салаға 10,4 млрд теңге бөлінген. Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында облыстың мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Досбол Әбдірисов атқарылған жұмысты қорытындылап, жоспармен бөлісті.


Былтыр да сала бюджеті - 10,4 млрд теңгені құрады, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 37 %-ға артық. 2020 жылдан бастап сала қызметкерлерінің жалақысы артуда, 2023 жылы 22%-ға, нәтижесінде 2025 жылға қарай еңбекақы мөлшері екі есеге ұлғаяды. Сонымен қатар, бюджет есебінен облыстық театрлар әртістеріне кәсіби шеберлігі үшін лауазымдық жалақысының 50%-на дейінгі мөлшерде қосымша ынталандырушы үстемеақы төленеді. Саладағы кадр тапшылығы мәселесін шешу үшін шығармашылық мамандықтарды даярлауға облыс әкімінің гранттарын бөлу туралы ұсыныс қолдау тапты. Жалпы сала үшін 100-ге жуық дипломы бар мамандарды, шығармашылық адамдармен қатар техникалық қызметкерлерді даярлау жоспарланған.


Бүгінгі таңда біздің облыс орталығы мәдениет саласындағы инновациялық идеялар мен жобаларды іске асыруға арналған бірегей «эвент»-алаң, сондай-ақ шығармашылық адамдарды тарту орталығы болып табылады.Облыста соңғы үш жылда алғаш рет жаңа форматтағы халықаралық фестивальдар өткізілген.


ДОСБОЛ ӘБДІРИСОВ, СҚО МӘДЕНИЕТ, ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ АРХИВ ІСІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

- «Объектілердің қолжетімділігі маңызды мәселе болып табылады.Осы мақсатта біз жыл сайын инфрақұрылымыдық жобаларды іске асырудамыз.2020 жылдан 2022 жылдар аралығында жалпы сомасы 8 млрд. 526 млн. теңгеге 71 жоба іске асырылды.2022 жылы 18 жобаны іске асыруға 6 млрд. 363 млн. теңге бөлінді, соның ішінде ауылдық жерлерде – 15 жоба және облыс орталығында – 3 жоба орналасқан.Мәдениет үйлері жанында бюджет және демеушілік қаражат есебінен құрылған 69-дан астам мәдени-сауықтыру орталығы табысты жұмыс істеуде.Мұндай объектілердің ашылуы мәдениеті мен тарихы бай өңірде туризмді дамытуға жаңа серпін беретініне сенімдімін.