Биыл қазақтың бірқатар ардақты ұлдарының мерейтойы атап өтілмек. Солардың бірі - жерлесіміз, алаш қайраткері, ақын Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығы. Қызылжар ауданына қарасты Архангельское елді мекенінде «Мағжанның маржан жырлары» атты сайыс өтті.


Архангельское орта мектебінің оқушылары аудандық және облыстық сайыстардан тұрақты түрде жүлделі орындардан көрініп жүр. Осы ретте мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ажар Сұлтанованың еңбегін айтпай кету әбестік болар. Ұстаз бұл мектепте 2010 жылдан бастап қызмет етеді. Осы аралықта көптеген шәкірт тәрбиелеп, оқушылары талай додалара топ жарған. Сонымен қатар мұғалім мектепішілік оқуларды да жиі ұйымдастырып тұрады.


 АЖАР СҰЛТАНОВА, АРХАНГЕЛЬКА ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІ МҰҒАЛІМІ:

- «Мемлекеттік тілде оқитын оқушыларымыз өте мықты. Аудан және облыс деңгейіндегі сайыстардан әрдайым жүлделі оралады. Олар түрлі іс шараларға белсенді қатысады. Мақтанатын оқушыларымыз жетерлік. Жан жақты білім алына, біліммен қатар тәрбие алып жетілуі үшін барымызды саламыз. Осы себепті осындай іс-шараларды жиі ұйымдастырып тұқрамыз»


 Балаларды қолдап, сайысқа демеушілік жасаған жеке кәсіпкер - Берікбол Мұратханов. Айта кетиейік, сондай ақ ол белбеу күресінен 2017 жылғы әлем чемпионы. Іс-шараны ұйымдастырудағы басты мақсат – Мағжан шығармашылығын насихаттау, оқушылардың қызығушылығын ояту, - дейді кәсіпкер.


БЕРІКБОЛ МҰРАТХАН , КӘСІПКЕР:

- «Мағжан атамыздың өлеңдерін өскелең ұрпаққа насихаттауымыз керек. Қазақтың қандай ақын жыраулары мен батырлары болғанын әрдайым еске алып тұру керекпіз.»


 Сайысқа 7 мен 11 сынып аралығында оқушылар қатысты. Бас жүлдені 9- сынып оқушысы Ақбалғын Болатбекқызы иемденді. Ол ақынның «Сағындым», «Пайғамбар», «Жан сөзі» өлеңдерін оқыды. Бұл бойжеткеннің Мағжан оқуларына алғаш қатысуы емес. Осыған дейін ол облыстық кезеңдерден де жүлделі оралған.


АҚБАЛҒЫН БОЛАТБЕКҚЫЗЫ , САЙЫС ЖЕҢІМПАЗЫ:

- «Негізінен Мағжан жұмабаев шығармаларының басым көбі жастарға насихат ретінде айтылған. Сол кезеңдегі қазақ халқының жәй күйін жеткізуге тырысқан. Ал өзіме Сағындым өлеңі ұнайды. Себебі бұл өлеңнен анасына, туған жерге және бауырларына деген ерекше сезімді байқауға болады.»


Қазіргі уақытта Архангельска орта мектебінде 140-ға жуық оқушы білім алады. Мектепішілік оқуларды тұрақты ұйымдастыру мектептің білім деңгейін арттыруға септігі тиеді. Бұдан бөлек мектепте тұрақты түрде Абай мен Қожаберген жырау оқулары ұйымдастырылып тұрады екен.