Ақан сері атындағы облыстық филармонияда ҚР қарулы күштерінің құрылуының 30 жылдығы мен 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне, Ұлы Жеңістің 77 жылдығына орай мерекелік іс-шара өтті. Оған өңірдің күш құрылымдарының өкілдері қатысты. Салтанатты жиында бірқатар әскери арнайы шен алып, төс белгісі және құрмет грамоталарымен марапатталды.
7 мамыр – ҚР Отан қорғаушылар күні – тәуелсіз еліміздің өзіндік қорғаныс қабілеті бар екенін білдіретін мереке. Осыған орай салтанатты жиын өтіп, оған өңірдің күш құрылымдары өкілдері қатысты. ҚР Ұлттық ұлан әскери академиясының бастығы – Бауыржан Әбжанов барлық әсери қызметшілерді мерекемен құттықтады.
БАУЫРЖАН ӘБЖАНОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ҰЛАН ӘСКЕРИ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:
- Отан қорғаушылар күні - бұл ерлік пен Отанға деген адалдықтың нышаны болып саналатын мереке. Біздің халқымыз туған ел тыныштығын сақтап отырған күш құрылымдарын құрметпен, мақтан тұтады. Бүгінгі таңда Ұлттық ұланның өңірлік қолбасшылығы жеке құрамның алдына қойылатын кез келген міндеттерді орындауға дайын.
Мерекелік жиында ҚР қарулы күштері қызметкерлерінің еңбектері бағаланып, төс белгісі және құрмет грамоталарымен табысталды. Екі әскери қызметкердің шені өсті. Сондай-ақ, «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубының қатысушыларына да құрмет грамоталары табысталды.
- Бүкіл ҚР Қарулы күштерінің әскери қызметшілерін, Ұлттық ұланның әскери қызметшілерін Отан қорғаушылар күнімен ждәне Ұлты Отан соғысының Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын. Еңбектерінде табыс, қызметтерінде сәттілік тілеймін.
- 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймын... ішкі, сыртқы жаулар болмасын.
Марапаттау рәсімінен кейін іс-шара мерекелік концертпен жалғасты. Мұнда Отанға деген сүйіспеншіілкті білдіретін патриоттық әндер шырқалып, соғыс кезінен көріністер қойылды.
Айгерім Құсайынова