СҚО-да мемлекет басшысының Жолдауын түсіндіру бойынша республикалық жұмыс тобының кездесулері өтті
Көкшетау – Петропавл автожолы, денсаулық сақтау инфрақұрылымын жаңғырту, ауыл шаруашылығын қолдау және тұрғындарға арналған жаңа мүмкіндіктер. Мемлекет басшысының Жолдауын түсіндіру бойынша республикалық жұмыс тобының Солтүстік Қазақстан облысына сапары аясында осы маңызды мәселелер талқыланды. Орталық ведомство өкілдері мемлекеттік органдардың өкілдері педагогтермен, медицина қызметкерлерімен және кәсіпорын ұжымдарымен жүздесті. Толығырақ келесі бейнесюжетте.
Ашық сұхбат алаңына айналған алғашқы нысан – №17 ұлттық өркендеу мектеп-кешені. Басқосуға 130-ға жуық адам қатысты. Кезедесуде білім беру инфрақұрылымын дамыту, оқыту сапасын арттыру және педагогтердің кәсіби біліктілігін шыңдауға арналған жағдайлар сөз болды. Сондай-ақ министрлік өкілдері өз салаларындағы басты жаңалықтармен бөлісті.
СНХР: ЭЛЬДАР КҮЗЕНБАЕВ – ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:
СНХР: ТАЛАСБЕК ҚАНАФИН – ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:
Кейін жұмыс тобы облыстық көпсалалы ауруханада медицина қызметкерлерімен кездесті. Мұнда медициналық көмектің қолжетімділігі мен нысандарды жаңғырту жайы талқыланды. Айта кетейік, 2027 жылы елімізде «Халықтық құрылыс» бағдарламасы бастау алады. 2029 жылдың соңына дейін Ұлттық қордан жолдарды, ауруханалар мен мектептерді салуға және жаңартуға 6,5 триллион теңгеге жуық қаржы бағыттау жоспарланған.
СНХР: ҚАЙРАТ АЙТУҒАНОВ – ҚР ҚҰРЫЛТАЙ ДЕПУТАТЫ:
Дәрігерлерді қолдау – Жолдаудағы өзекті бағыттардың бірі. Келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап бастапқы медициналық -санитариялық көмек көрсететін учаскелік қызметтің 77 мың қызметкеріне үздіксіз еңбек өтілі үшін қосымша төлемақы беріледі. Жұмыс тобының келесі нысаны – 475 адам еңбек ететін Киров атындағы зауыт болды. Мұнда кездесуге 100-ге жуық жұмысшы қатысты. Жиын барысында зауыт ұжымы үшін маңызды мәселелер – жол инфрақұрылымы мен логистиканы дамыту, газдандыру, ең төменгі еңбекақыны өсіру және кәсіпорынның келешек жоспарлары талқыланды.
СНХР: ҚАЙРАТ АЙТУҒАНОВ – ҚР ҚҰРЫЛТАЙ ДЕПУТАТЫ:
Жұмыс тобы өңірдегі еңбек ұжымдарымен кездесулерді ары қарай жалғастырады. Басты назарда – тұрғындардың өзекті сауалдары мен аймақта жүзеге асырылатын нақты шешімдер.