Қазақстан Халық Кеңесі жастар қозғалысын құруда
Петропавлда «Ұлттың жаңа болмысы: жастар және азаматтық жауапкершілік» атты Республикалық жастар лагері өтті. Оның жұмысына Қазақстан Халық Кеңесінің Төрағасы Ерлан Қошанов пен өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов қатысты. Кездесудің басты тақырыбы президенттік реформалар, олардың жастардың әлеуетін ашудағы және өскелең ұрпақты Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыруға жұмылдырудағы маңызы болды. Айта кетейік, Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Халық Кеңесінің мүшелері өңір жұртшылығымен де кездесіп, ғылыми-білім беру инфрақұрылымымен танысты және Тайынша қаласындағы жаңа IT-орталыққа барды.
Кездесу қатысушыларына арналған сөзінде Ерлан Қошанов Президент Жолдауы елді жаңғыртуға, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталғанын атап өтті. Ол сондай-ақ экономикалық өсім мен жаңа жұмыс орындарын құрудың негізгі көрсеткіштерін келтірді. Өз кезегінде өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов жастардың кәсіби дамуы, жұмысқа орналасуы және әлеуметтенуі үшін жағдай жасау – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екенін айтты. Мәселен, биыл ғылым, мәдениет, IT, бизнес, медиа және волонтерлік салаларында 15 жастар жобасы жүзеге асырылды. Өскелең ұрпақ өкілдері «Таза Қазақстан», «Заң мен Тәртіп», «Китап оқитын ұлт» сияқты жалпыұлттық бастамаларға белсенді түрде қатысуда. Сондай-ақ Ғауез Нұрмұхамбетов ел Президентінің өз Жолдауында Солтүстік Қазақстан облысын дамыту тәжірибесі мен жоспарларын атап өтуі өңір тұрғындары үшін аса маңызды екенін баса айтты.
ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:
Кездесудің басты ұсынысы «Халық Кеңесі» жастар қозғалысын құру болды. Ерлан Қошанов бұл бірлестіктің формальды ұйым емес, жастардың идеяларын жүзеге асыратын әсерлі алаңға айналуы тиіс екенін атап өтіп, бұл идеяны қолдады. Бірінші кезеңде қозғалысқа еліміздің барлық өңірлерінен Халық Кеңесі мүшелерінің санына сәйкес 126 жасты қосу ұсынылып отыр. Кеңестің әрбір мүшесі жас серіктесімен «кері тәлімгерлік» қағидаттары негізінде өзара әрекеттесіп, бұл буындар арасындағы жүйелі байланысты орнатуға мүмкіндік береді.
ЕРЛАН ҚОШАНОВ, ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:
Солтүстік Қазақстан облысында 14 пен 35 жас аралығындағы 128 мыңнан астам жас тұрады. Өңірде жаңа өнеркәсіп орындары ашылып, өңдеуші өндірістер, денсаулық сақтау, білім беру және спорт нысандары дамып келеді. Бұл қосымша жұмыс орындарын құрып, жастарымыздың әлеуетін жүзеге асыру мүмкіндіктерін кеңейтеді. Солтүстік Қазақстан облысына жасаған сапар аясында Халық Кеңесінің мүшелері өңір жұртшылығымен де кездесіп, ғылыми-білім беру инфрақұрылымымен танысты және Тайынша қаласындағы жаңа IT-орталыққа барды.
Облыс орталығында Халық Кеңесінің мүшелері «Мағжан орталығына», «Ботай» монументіне барып, сондай-ақ еліміздің Тәуелсіздігінің 35 жыл ішіндегі Солтүстік Қазақстан облысының негізгі жетістіктерін көрсететін экспозициямен танысты.