Негізгі Жаңалықтар «Ауыл аманаты»: қаз өсіру – ауыл шаруашылығын дамытудың мүмкіндігі

«Ауыл аманаты»: қаз өсіру – ауыл шаруашылығын дамытудың мүмкіндігі

Солтүстік Қазақстан облысында «Ауыл аманаты» жобасы аясында қаз өсіруді дамытуға бағытталған тауарлық несие бағдарламасы жүзеге асырылуда. Оның шарты бойынша ауыл тұрғындарына қаз балапандары тегін беріледі. Белгіленген мерзімде олар өсірілген құстың бір бөлігін және қаз мамығын қайтаруы тиіс. Жаңа бастаманың игілігін Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның тұрғындары да көріп отыр. 

Рузаевка ауылының тұрғыны Екатерина Дудникова қаз өсіруді көп жылдан бері кәсіп еткен. Биыл «Ауыл аманаты» жобасы аясында ұсынылған тиімді бастамаға қатысып, шаруашылығын кеңейтуге мүмкіндік алды. Мұндай қолдау ауыл тұрғындарына қосымша табыс табуға жол ашады. Бағдарламаның басты ерекшелігі – істі бастау үшін қаражат құюдың қажеті жоқ. Ал шаруасын ұршықша иіргендер алдағы уақытта кәсібін кеңейтіп, оны табысты шаруашылыққа айналдыра алады.

СНХ: ЕКАТЕРИНА ДУДНИКОВА – РУЗАЕВКА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

Бөлісу