Қоғамдық келісім – басты құндылық
Қазақстан халЫҚ Кеңесінің төрағасы Ерлан Қошановтың Солтүстік Қазақстан облысына сапары аясында Достық үйінде Қазақстан халЫҚ Кеңесінің мүшелері мен өңірдегі этномәдени бірлестіктер жетекшілерінің кездесуі өтті. Жиында Мемлекет басшысының «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауында көтерілген мәселелер талқыланды. Сондай-ақ қоғамдық келісімді нығайту және этномәдени бірлестіктердің өзара іс-қимылын жандандыру жайы сөз болды.
Басқосуда ел бірлігін сақтау, этносаралық татулықты нығайту және қоғамдық ұйымдардың жұмысын жетілдіру мәселелеріне назар аударылды. Қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, алдағы міндеттер жөнінде пікір білдірді.
СНХР: ИСЛАМ БАЙРАМУКОВ, ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ:
Жиында этномәдени бірлестіктердің қоғамдағы рөліне де ерекше мән берілді. Қатысушылардың айтуынша, түрлі этнос өкілдерінің ортақ мақсат жолында бірігуі – ел тұрақтылығының маңызды кепілі. Бұл бағытта жергілікті ұйымдардың бастамаларын қолдау және олардың өзара байланысын күшейту қажет.
СНХР: РУФИНА УСАНОВА, ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ:
Кездесу қорытындысында қоғамдық келісімді нығайту, этномәдени бірлестіктердің жұмысын жандандыру және ортақ бастамаларды жүзеге асырудың маңыздылығы атап өтілді.