Негізгі Жаңалықтар Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері өңірдегі азаматтық қоғам өкілдерімен кездесті

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері өңірдегі азаматтық қоғам өкілдерімен кездесті

Солтүстік Қазақстан өңірінде маңызды басқосу ұйымдастырылды. Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері азаматтық қоғам белсенділерімен жүздесіп, Президент Жолдауының басымдықтары мен өңірдің даму болашағын кеңінен талқылады.

Қатысушылар шағын және орта бизнесті қолдау шараларын, кәсіпкерлерді тексеруге қойылған үш жылдық мораторийді және әкімшілік кедергілерді қысқарту мәселелерін талқылады. Сондай-ақ ең төменгі жалақыны көтеру, әлеуметтік нысандарды салу және инфрақұрылымды дамыту тақырыптары сөз болды.

АҚНҰР ТҰРДАЛИЕВА, ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ: 

Жиын білім беру, денсаулық сақтау салаларының, өнеркәсіптік кәсіпорындар мен этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен ашық диалог форматында өтті. Сонымен қатар, халықты әлеуметтік қолдау, өмір сүрy сапасын жақсарту және қоғамдық келісімді нығайту мәселелеріне баса мән берілді.

ЕСКЕНДІР ЕЛЕУСІЗОВ, ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Мұндай кездесулер Мемлекет басшысының бастамаларын қоғам өкілдерімен кеңінен талқылауға және елді дамытудың басым бағыттары бойынша кері байланыс орнатуға жол ашады.


Бөлісу