Мәдениет саласының өкілдеріне Президент Жолдауындағы басым бағыттар түсіндірілді
Облысқа жұмыс сапарымен келген ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Эльдар Күзенбаев пен Ауыл шаруашылығы вице-министрі Таласбек Қанафин өңірдегі мәдениет қызметкерлерімен және белсенді жастармен кездесіп, Президент Жолдауындағы басым бағыттарды талқылады. Кездесуде кадр тапшылығы, еңбек құқықтары мен ауыл шаруашылығын цифрландыру мәселелері сөз болды.
Президент айқындаған бастамаларды іске асыру, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту және халықтың өмір сүру сапасын жақсарту. Облысқа жұмыс сапарымен келген еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Эльдар Күзенбаев пен ауыл шаруашылығы вице-министрі Таласбек Қанафин мәдениет саласы қызметкерлерімен кездесті. Аты алғаш аталған атқамінер еңбек құқықтарын қамтамасыз ету, әлеуметтік қолдау жүйесін жетілдіру мәселесін көтерді. Кадр тапшылығы жайлы да сөз болды.
ЭЛЬДАР КҮЗЕНБАЕВ, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі:
Ал ауыл шаруашылығы вице-министрі өз сөзінде енгізілген цифрлық технологиялар жайлы айтып берді. Қазіргі таңда саланы дамыту үшін дрондар, спутник арқылы егінге мониторинг жасайтын қондырғылар және түрлі метеостанциялар қолданылуда. Сондай-ақ, алдағы уақытта мемлекет тарапынан берілетін көмектің көлемі артады. Оң өзгерістерді тыңдау ауыл шаруашылығы бойынша елде алдыңғы қатарда тұрған теріскейдің әр тұрғыны үшін маңызды. Шараға барлығы 50-ге жуық мәдениет саласының өкілі қатысты. Олар спикерлерге өз сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алды.
ОРАЛ ЖАНАТОВ, облыстық тілдерді оқыту орталығы басшысының орынбасары:
Бұдан бөлек, қос вице-министр Қызылжар креатив орталығына барып, жастармен жүздесті. Кездесу барысында Президент Жолдауында айтылған басым бағыттар мен ел дамуына серпін беретін бастамалар кеңінен түсіндірілді.
ЖАЙНАГҮЛ ОСПАНОВА, "Qyzyljar" креатив орталығының директоры:
Вице-министрлер жұмыс сапары аясында тағы бірнеше еңбек ұжымдарымен кездесіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізеді.