Құрылтай сайлауы - 2026
Қазақстанның әрбір азаматы еліміздің даму бағытын айқындауға үлес қоса алады. Құрылтай сайлауында дауыс берген Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева осылай деді. Оның айтуынша, сайлау қорытындысымен жасақталатын Құрылтай халықтық Конституцияда белгіленген басымдықтарды іске асыруға мүмкіндік береді. Жаңа заң шығарушы орган елдегі саяси реформалардың сабақтастығын қамтамасыз етуі тиіс. Сондай-ақ азаматтардың қоғамдық-саяси үдерістерге белсенді араласуына жаңа мүмкіндіктер ашылады.