Негізгі Жаңалықтар Құрылтай сайлауы – 2026

Құрылтай сайлауы – 2026

Бүгін «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы ұйымдастыруымен жалпыұлттық онлайн-марафон өтеді. 16 сағатқа созылатын ауқымды медиажоба таңғы 9-дан түнгі 00:30-ға дейін жалғасады. Марафон барысында еліміздегі және шетелдегі сайлау барысы, қоғамдағы өзекті мәселелер мен маңызды реформалар талқыланады. ((КСМ:)) Жалпыұлттық онлайн-марафонда Тікелей эфир Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан жүргізіледі. Марафон аясында қоғамдағы өзекті мәселелер де талқыланады. Сондай-ақ, экспресс-камерада қонақтардың жедел пікірі беріледі. Әр саланың көшін бастап жүрген азаматтар мотивациялық дәріс өткізеді. Викториналар мен интерактивті форматтар ұйымдастырылады. Ал «Қарқынды құрылыс» жобасы арқылы өңірлердегі ірі құрылыс нысандарынан арнайы репортаждар көрсетіледі. Онлайн - марафонды 38 YouTube-арнадан көруге болады. Ал жедел жаңалықтар мен маңызды ақпараттар «Онлайн марафон - 2026» Telegram арнасында жарияланып отырады.

Бөлісу

Аймақтық телеарналар