Құрылтай сайлауы - 2026
Бүгін 23 тамызда, Қазақстанда жаңа бір палаталы Парламент – Құрылтай депутаттарының сайлауы өтуде. Дауыс беру еліміздің барлық өңірінде ұйымдастырылған. Соның бірі – Сәбит Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада орналасқан №586 сайлау учаскесі. Түсірілім тобы учаскедегі сайлау барысымен танысып қайтты.
№586 сайлау учаскесінің сайлаушылар тізімінде 1209 адам бар. Олардың ішінде дауыс беруге қатысатын жастардың саны – 285. Ал алғаш рет дауыс беретін 4 сайлаушы тіркелген. Сондай-ақ учаскеде ерекше қажеттілігі бар 6 сайлаушының дауыс беруіне жағдай жасалған. Дауыс беру процесінің ашықтығы мен заң талаптарының сақталуын байқаушылар қадағалап отыр. Мұнда әрбір партияның, қоғамдық ұйымдардың және халықаралық байқаушылардың өкілдері жұмыс істеуде.
ЖАНАТ МҰХАМЕДЖАНОВ, «ДАУЫС» ҚОҒАМДЫҚ БАЙҚАУШЫЛАР КОАЛИЦИЯСЫНЫҢ СҚОФ ТӨРАҒАСЫ
Таңғы сағат 07:10-дағы мәлімет бойынша, учаскеде 6 адам дауыс беріп үлгерді. Ал алғашқылардың бірі болып дауыс бергендерге естелік сыйлықтар табысталды. Солардың қатарында жыл сайын сайлау учаскесіне алғашқылардың бірі болып келетін қала тұрғыны Валентина Мальцева да бар.
ВАЛЕНТИНА МАЛЬЦЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Сайлау учаскесі таңғы сағат 07:00-ден кешкі 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Осы уақыт аралығында сайлаушылар өз таңдауын жасап, дауыс бере алады.