Еуразия Ұлттық Университетінде де жаңа Конституция жобасының негізгі тұжырымдары талқыланды. Сарапшылар өзгерістердің негізгі бағыттарын, олардың институционалдық мазмұнын және елдің саяси-қоғамдық жүйесіне әсері жайлы айтты. Жаңа құжаттың билік тармақтары арасындағы байланысты арттыруға және азаматтардың мемлекеттік басқарудағы рөлін күшейтуге бағытталғаны белгілі. Ата заңда шекара мен ел аумағының тұтастығы, әділетті қоғам құру мәселелері нақты көрініс тапқан. Оқу ордасында бас қосқан ғалымдар мен академиялық қауымдастық өкілдері ең бастысы ғылым мен білімге айрықша мән берілгенін атап өтті. Жиында сөз алған қоғам белсенділері ойларын ортаға салып, Конституциялық реформа жөніндегі комиссия мүшелеріне ұсыныстарын жолдады.
ИНДИРА РЫСТИНА - ЕҰУ ПРОРЕКТОРЫ