Мамандардың мәліметінше, елімізде тіркелетін өрттердің басым бөлігі тұрғын үйлерде орын алады. Бұған көбіне электр желілерінің ескіруі мен шамадан тыс жүктелуі, газ құрылғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік талаптарының сақталмауы және отты абайсыз қолдану себеп. Көп жағдайда өрт адам салғырттығынан туындап, материалдық шығынмен қатар адам өміріне де қауіп төндіреді.

Жылыту маусымы басталғалы бері өңірде 146 өрт тіркеліп, салдарынан 20 адам қаза тауып, 5 адам жарақат алды. Сондай-ақ, көмірқышқыл газынан улану салдарынан 2 адам көз жұмып, 2 адам зардап шеккен. Өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда, өрт саны 3 пайызға азайғанымен, адам өлімі 25 пайызға артқан. Ал, жарақат алғандар саны екі есеге төмендеген.

ДУМАН ДІЛДӘБАЕВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Осы орайда, қауіпті жағдайлардың алдын алу мақсатында Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары өңірдегі елді мекендерде профилактикалық жұмыстарды күшейтті. Құтқарушылар тұрғын үйлерді аралап, пештердің дұрыс орнатылуын, мұржалардың тазалығын және жылу жүйелерінің қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін тексеруде.

ДУМАН ДІЛДӘБАЕВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Биыл тұрғын үй секторында 35 өрт оқиғасы тіркелді. Ал өткен жылдың осы кезеңінде 31 өрт болған. Нәтижесінде, биыл өрт саны 13 пайызға артқан.