Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Конституциялық реформа жөніндегі комиссия құрылды. Бұл комиссияның басты мақсаты – Құрылтай барысында айтылған ұсыныстарды құқықтық тұрғыда жан-жақты зерделеу және оларды заң аясында жүйелеу.

Жаңа комиссия құрамына Мәжіліс депутаттары, тәжірибелі заңгерлер, қоғам қайраткерлері мен түрлі сала өкілдері енді. Комиссияға Конституциялық соттың төрағасы жетекшілік етеді. Бұл – қабылданатын шешімдердің әділетті, заңды әрі ашық болуына кепіл. Құрылтайда көтерілген бастамалардың бірі – шешім қабылдау үдерісін жеделдету және халық пікірін ескеретін жаңа тетіктерді енгізу.

ИМАНҒАЛИ ТАТВАЕВ– ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ