Румба мен ча-ча-ча, танго, вальс, фокстрот. Бұл бал билері сезім мен әсемдік, қатаңдық пен романтика тоғысқан өнер түрі. Әр бидің өзіне тән энергиясы бар. Би эстетикалық тәрбие беріп қана қоймай, жанға қуат береді. Петропавлдағы «Доминанта» халықтық студиясына кез келген қала тұрғыны тегін қатыса алады.
Петропавлда бал билерді дамытып отырған бірнеше ұжым бар. Солардың бірі халықтық студия «Доминанта». Оның жетекшілері – Владислав Оленчук пен Анатолий Зотов. Бұл – жоғары орындаушылық шеберлігімен ерекшеленетін, өзіндік бағыты қалыптасқан бірегей хореографиялық ұжым. Коллективтің түрлі байқаулар мен фестивальдердегі жеңістері бұған дәлел.
ВЛАДИСЛАВ ОЛЕНЧУК, «ДОМИНАНТА» СТУДИЯСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ
Студияның ең кішкентай қатысушылары 4 жастан асқан бүлдіршіндер. «Доминанта» жасы әртүрлі балалар мен жасөспірімдерді біріктіретін ұжым. Аптасына үш рет ата-аналар бүлдіршіндерін Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығына алып келеді. Мақсаттары да әртүрлі: би үйрену, икемді болу, жаңа достар табу, тіпті болашақта кәсіби жолды осы өнермен байланыстыру.
Хореограф Владислав Оленчук өмірінің шамамен 30 жылын бал билеріне арнаған. Ол түрлі деңгейдегі турнирлердің бірнеше мәрте жүлдегері және жеңімпазы. Петропавлдағы балды билер тарихы 1977 жылы дәл «Доминантамен» басталған. Кейін қалада жаңа би ұжымдары пайда болды. Әрқайсысының өзіндік бағыты бар. «Доминанта» студиясының жетекшілері үшін маңызды міндеттің бірі көрерменге бидің де, махаббаттың да жас талғамайтынын көрсету. Жас ерекшеліктері әртүрлі бишілер эмоцияға толы бір ғана ортақ би шеңберінде тоғысады.