«Petro-Puh» — бұл толық циклді кәсіпорын. Мұнда тек жастық пен көрпе тігумен ғана шектелмей, шикізатты терең өңдеу жүргізіледі: мамық пен қауырсынды бастапқы тазалау мен сұрыптаудан бастап, дайын өнім шығаруға дейін. Кәсіпорын 2019 жылы жұмысын бастады. Ал 2025 жылы мұнда бұрынғысынан 10 есе қуатты жаңа цех іске қосылды.

 Кәсіпорындағы жабдықтар толықтай автоматтандырылған. Қауырсын жібіту, жуу, сұрыптау, сондай-ақ жоғары температурада термиялық өңдеуден өтеді. Өнімнің негізгі түрлері табиғи мамық және қауырсын жастықтары мен көрпелері, сонымен қатар синтетикалық толтырғышы бар бұйымдар. Тауарлар Қазақстан аумағында, танымал онлайн-платформалар арқылы сатылады. Сонымен қатар, компания тек ішкі нарықпен шектелмей, мамық-қауырсын шикізатының бір бөлігін Еуропа елдері мен Қытайға экспорттайды.

КОНСТАНТИН ВОРОНОВ, «PETRO-PUH» ЖШС ДИРЕКТОРЫ

Константиннің айтуынша, бұл оның өз идеясы. Ол бастапқыда кәсіпті бастау қиын болғанымен, кейін уақыт өте келе адам талмай ниеттенсе нәтижесі болатындығына сенген. Бүгінде ол кәсібінің нәсібін көріп отыр.

КОНСТАНТИН ВОРОНОВ, «PETRO-PUH» ЖШС ДИРЕКТОРЫ

Маргарита тігін цехында бір жарым жылдан бері жұмыс істейді. Осы уақыт ішінде ол мамандықтың көптеген қыр-сырын меңгеріп, өз ісінің нағыз шеберіне айналды.

МАРГАРИТА ЕСКЕНДИРОВА, ТІГІНШІ

Людмила Кобченконың жасы 39-да. Ол 12 жылдан бері қаптама операторы болып жұмыс істейді.

ЛЮДМИЛА КОБЧЕНКО, ҚАПТАМА ОПЕРАТОРЫ

Алдағы уақытта өндірісті кеңейту, сондай-ақ дайын өнімдер сатылатын жеке дүкен ашу жоспарлануда.