«Бірлік» шағын ауданының тұрғындары үйлері мен жер телімдеріне қатысты құжаттардың жоқтығына алаңдаулы. Осыған байланысты, Петропавл қаласының әкімі Серік Мұхамедиев тұрғындармен кездесіп, жағдайды түсіндірді. Еске салсақ, ауданда 2024 жылы тасқынынан зардап шеккен отбасылар тұрып жатыр. Алайда бір жарым жыл өтсе де олар әлі күнге дейін баспаналарын өз меншігіне рәсімдей алмай келеді.
«Бірлік» шағын ауданында шамамен 700 –ге жуық үй бар. Тұрғындар бір жылдан астам уақыттан бері баспаналарына қатысты құжаттарын ала алмай жүр.
АМАНГЕЛДІ БЕКМҰРАТОВ, ПЕТРОПАВЛ ТҰРҒЫНЫ
НАТАЛЬЯ ПРОХОРОВА, ПЕТРОПАВЛ ТҰРҒЫНЫ
Қала әкімінің айтуынша, шамамен екі аптадан кейін тұрғындар жер телімдерін тіркеуді бастай алады. Осылайша, барлық құжаттар реттеліп, мәселелер шешілмек.
СЕРІК МҰХАМЕДИЕВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ
Кездесуде тұрғындар өздерін толғандырған барлық сұрақтарын қойды. Қала әкімі ол мәселелер бойынша жауап беріп, қалай шешілетіні туралы айтып өтті.