Жыл басынан бері облыс аумағында 46 өрт тіркеліп, салдарынан 5 адам мерт болды, оның ішінде үшеуі бала. Тілсіз жаудың негізгі себебі – пешті орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталмауы. Осыған байланысты Төтенше жағдайлар департаменті алдын алу шараларын күшейтуде. Тұрғындарды қауіпсіздік ережелеріне бейжай қарамауға шақырады.
Құтқарушылар халық көп жиналатын нысандарда профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Мамандар тұрғындарға пешті дұрыс пайдалану, электр құралдарының қауіпсіздігі және өрттің алдын алу жолдарын түсіндіруде. Әсіресе, суық күндері қауіп деңгейі артатыны ескертіледі. Мұндай іс-шаралар қайғылы жағдайлардың алдын алуға бағытталған.
АЯН ҚҰСАЙЫНОВ, СҚО ТЖД МЕМЛЕКЕТТІК ӨРТ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Акция аясында тұрғындар арасында өрт қауіпсіздігі бойынша викторина ұйымдастырылды. Сұрақтарға дұрыс жауап берген қатысушыларға сыйлық ретінде улы газды анықтайтын датчик табысталды. Бұл құрылғы қауіпті жағдайды ерте анықтап, тұрғындарды дер кезінде ескертуге мүмкіндік береді.
РҮСТЕМ ҚҰЖЫБАЕВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Іс-шара аясында өрт оқиғалары кезінде түсірілген фотосуреттерден көрме қойылды. Экспозиция арқылы өрттің қауіптілігі мен оның ауыр салдары көпшілікке көрсетілді.