Атам қазақ қай уақытта болмасын мал-жаның аман ба деп сәлемдескен. Себебі жаз жайлауда – қыс қыстауда жыл он екі ай төрт түлік өсіріп күнелткендіктен болар, қашанда малды бірінші орынға қойған. Сондай жандардың бірі Ғабит Есләмбекұлы Мусин. Бүгінде Қызылжар ауданындағы Якор ауылдық окрігінде мал дәрігері болып еңбек етіп жүрген бұл азамат, саналы ғұмырынының 40 жылға жуығын осы салаға арнаған. 

Ғабит Есілбайұлы Мусин 1964 жылы Шал ақын ауданының Жалтыр ауылында дүниеге келген. Мал дәрігері боламын деген бала күнгі арманын мектепті тәмамдап, Отан алдындағы әскери борышын өтеп келгеннен соң жүзеге асыруға кірісіпті. Осылайша ол Қазіргі Есіл ауданындағы Покровка ауыл шаруашылығы училищесіне түседі.

ҒАБИТ МУСИН – МАЛ ДӘРІГЕРІ

Бүгінде алпыстан шыққан Ғабит Есілбайұлының бала кездегі арманын өзінің сүйікті кәсібіне айналдырғанына биыл 37 жыл. Білікті маман,- мал да ауырады, бірақ олар біз сияқты қай жері ауырып тұрғанын, қалай ауырып тұрғанын айтарға тілі жоқ,-дейді. Ал оны анықтап нақты диагноз қою мал дәрігерінің міндеті. Бұл ретте маманның көзі мен тәжірибесі аса маңызды. Бір сөзбен айтқанда білікті мал дәрігері – қазіргі тілде диагностикалық аппаратпен тең.

Ғабит Мусин – мал дәрігері 

Былтырғы жылы Якорь ауылдық округінде өңіріміздегі алғашқы пилоттық жоба ретінде Ветеринарлық қосын ашылған болатын. Содан бері Ғабит Есілбайұлы бұл жерде ит пен мысық секілді үй жануарларына да ем-дом шараларын өткізеді. Ал ветеринарлық қосын сыртындағы мына қоршау төрт түліктен қан алу, екпе салу жұмыстарын жүргізуге қолайлы болған.

Ғабит Мусин- мал дәрігері 

Теріскейдің қысы қытымыр. Қаңтар айы басталғалы саршұнақ аяз қысып далаға шықсаң бет қаритын үскірік болып тұр. Алайда бұл еңбек адамына кедергі емес. Бізбен сұхбаттасып болысымен Ғабит Есілбайұлы өзінің күнделікті ісін жалғастыруға бет алды. Ол жергілікті тұрғындардың үйлерін аралып, қорадағы малдың ахуалын қарау, есепке алу салу секілді жұмыстар.

Мал дәрігері болу – бұл тек кәсіп емес, бұл – менің өмірім, менің миссиям. Мен төрт түліктің денсаулығына жауаптымын. Ал сау мал, адам денсаулығының кепілі дейді Ғабит Есілбайұлы.

Білімді бағалау, мамандықты сүю, халыққа қызмет ету секілді құндылықтардың барлығын Ғабит Есілбайұлының бойынан табуға болады. Оның өмірі үлгі-өнегеге толы.