Қазіргі қоғамда күйзеліс пен шаршау тек жеке адамдарға ғана емес, ұстаздар қауымына да тән. Күнделікті жауапкершілік, қарбалас жұмыс адамды эмоциялық тұрғыда әлсірететіні рас. Осындай сәттерде жан мен тәнге бірдей әсер ететін қарапайым, бірақ тиімді әдіс бар. Ол — күлкі терапиясы. Мамандардың айтуынша, шынайы күлкі стресс деңгейін төмендетіп, көңіл-күйді жақсартады. Тіпті иммундық жүйені нығайтып, адамның ішкі тепе-теңдігін сақтауға көмектеседі. АҚШ, Еуропа елдерінде кеңінен танылып үлгерген бұл терапия түрі облысымызда өткізіліп жүрген ең алғышқы терапия екен. Әріптесім дайындаған сюжетке назар аударсақ.
Терапия барысында қатысушылар арнайы жаттығулар жасап, еркін күлуге, эмоцияны сыртқа шығаруға үйренеді. Алғашында жасанды көрінген күлкі біртіндеп шынайы күлкіге ұласады. Бұл — күлкі терапиясының басты ерекшелігі. Жазира Аханқызының айтуынша, күлкі кезінде ағзада «бақыт гормондары» бөлініп, адам өзін жеңіл әрі сергек сезіне бастайды. Әсіресе, мұғалімдер үшін бұл — кәсіби күйзелістің алдын алудың тиімді жолы.
ЖАЗИРА ЫБРАЕВА, КҮЛКІ ТЕРАПИЯСЫ БОЙЫНША МАМАН
Тренинг аясында ұстаздар бірнеше практикалық жаттығудан өтті. Атап айтқанда, сәлемдесу арқылы жағымды эмоция қалыптастыру, айнаға қарап күлу арқылы өзін қабылдау, баланың күлкісі арқылы ішкі еркіндікті сезіну және тыныспен күлу жаттығулары орындалды. Бұл әдістер педагогтердің эмоциялық күйін тұрақтандырып, жұмыс тиімділігін арттыруға бағытталған.
АҚЫЛБЕК АЙТЫМОВ, «ПАРАСАТ» МЕКТЕП - ЛИЦЕЙІНІҢ ФИЗИКА ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ, ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫ
АЙСҰЛУ БАЙЖҰМАНОВА, «ПАРАСАТ» МЕКТЕП - ЛИЦЕЙІНІҢ БИОЛОГИЯ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ, ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫ
Ең қызығы, ғалымдардың зерттеуіне сәйкес, адам тәулігіне шамамен 300 рет күлуі керек екен. Сол сәтте адамның бетінде 150-ге жуық бұлшық ет жұмысқа қосылады. Осындай қарапайым, бірақ әсерлі жаттығулар адамның жасаруына да оң ықпал етеді екен.