Солтүстік Қазақстан облысында ауылдық елді мекендерді цифрлық дамыту жұмыстары қарқынды жалғасуда. DIGITAL AIMAQ жобасы аясында Есіл ауданына қарасты Корнеевка мен Покровка ауылдарында жаңа креативті IT-орталықтар өз жұмысын бастады. Жобаны Qyzyljar Creative Center мен SKO Hub бірлесіп жүзеге асырып отыр. Орталықтардың ашылу салтанатына Есіл ауданының әкімі Мереке Мұхамедияров қатысып, бұл бастаманың ауыл жастарының әлеуетін ашып, цифрлы болашаққа дайындайтын маңызды қадам екенін атап өтті.
Жобаның басты мақсаты — ауыл мен қала жастары үшін тең мүмкіндіктер ұсыну. Жаңа орталықтарда оқушылар мен жастар робототехника, дрондарды басқару, графикалық дизайн, бағдарламалау және деректермен жұмыс істеу бағыттары бойынша білім ала алады. Сонымен қатар, креативті орталықта цифрлық дағдыларды дамытуға, жастардың стартап бастамаларын қолдауға және оларды заманауи технологиялық экономикаға бейімдеуге бағытталған арнайы бағдарламалар іске асырылмақ.
БІРЖАН ҚОЙШЫБАЕВ ЕСІЛ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ
Орталықтардың қызметі цифрлық құзыреттерді қалыптастыруға, жастардың инновациялық бастамаларын қолдауға және ауыл жастарының заманауи технологиялық ортаға бейімделуіне мүмкіндік беретін бағдарламаларды іске асыруға бағытталған. Соынмен қоса, креатив алаңы білім алу, тәжірибе алмасу және бірлескен жобаларды жүзеге асыруға арналған ашық алаң ретінде жақын маңдағы ауыл жастары үшін маңызды тартылыс нүктесіне айналмақ.
КОНСТАНТИН КОЛЫВАНОВ — КОРНЕЕВКА АУЫЛЫ IT-ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ
Айта кеткен жөн, жоспарға сәйкес 2026 жылдың бірінші тоқсанының соңына дейін креативті орталықтарды өңірдің барлық аудандарында ашу көзделіп отыр.