Қазақстан цифрлық құқықтарды заңнамалық тұрғыда бекіткен әлемдегі екінші ел. Қабылданған құжат технологияны дамытуға, жасанды интеллектіні енгізуге және қауіпсіз ортаны қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
Сала мамандарының сөзінше, кодекс салалық заңнамалардағы ережелерді жүйелеп, құқықтық қайшы лықтарды реттеді. Сондай-ақ, онда цифрлық мемлекеттік басқару жүйесі қайта қаралып, жаңартылды. Азаматтарға дербес деректерді жою, оларды өңдеуді шектеу, жасыру құқығы берілді. Ал, биометриялық сәйкестендіру тек заңда көзделген жағдайларда ғана қолданылады.
ЕКАТЕРИНА СМЫШЛЯЕВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ
Мамандар кодексте киберқауіпсіздік мәселелесіне бас мән берілгенін айтады. Мәселен, деректерді қорғаудың жаңа стандарттары белгіленеді. Ведмоства өкілдері, заман сұранысына сай сан саланы цифрландыру ел экономикасының дамуына да әсер етеді.
ДМИТРИЙ МУН, ҚР ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЖӘНЕ ЦИФРЛЫҚ ДАМУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ