Петропавлда жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында телекөпір өтті. Іс-шараны «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті, облыстық прокуратура және М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің өкілдері ұйымдастырды. Кездесу барысында жастардың құқықтық санасын арттыру және қылмыстың алдын алу мәселелері талқыланып, арнайы бейнероликтер көрсетілді.
Телекөпір барысында қатысушылар алаяқтық және есірткі құралдарының заңсыз айналымына байланысты қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған сотталған адамдармен байланысқа шығып, диалог орнатты. Сотталғандар қылмысқа итермелеген себептерді айтып, өз бастарынан өткен ауыр құқықтық, әлеуметтік және моральдық салдарлар туралы баяндады.
МАНАР ҚАБАЙ, СҚО ҚЫЛМЫСТЫҚ АТҚАРУ ЖҮЙЕСІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ИНСПЕКТОРЫ
РАУАН ТУҒАНБАЙ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ БӨЛІМ ПРОКУРОРЫ
Жиынға 500-ге жуық студент қатысты. Ашық диалог форматында өткен кездесу жастарға өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты тәжірибе мен өмірлік мысалдарға негізделген мазмұнды жауаптар алуға мүмкіндік берді.
АСАНӘЛІ ЖАНАТҰЛЫ, М.ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СҚУ СТУДЕНТТІК ҮКІМЕТІНІҢ ПРЕЗИДЕНТІ
Аталған іс-шара айқын профилактикалық және тәрбиелік сипатқа ие болды. Ол жастардың заң талаптарын сақтауға жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және заңға бағыну мен жеке жауапкершілік қағидаттарын нығайтуға бағытталды.