Қызылордада өткен Ұлттық құрылтайда Әділетті Қазақстанның жаңа моделі айқындалды. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев осылай деді. «Алқалы жиында заң үстемдігін нығайту, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру жайы көтерілді. Жоғарғы палата елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал ететін реформаларды сапалы іске асыру бағытында жұмысын жалғастырады», деді сенат спикері.

МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ