Бұған дейін Ұлттық құрылтайда еліміздің рухани-мәдени мұрасын әлемге таныту туралы бастамалар көтерілді. Соған сәйкес жоспарлы жұмыс жүргізіліп жатыр. Солардың бірі 14 жылда алғаш рет аса құнды «Хандар шежіресі» қолжазбасы ЮНЕСКО-ның «Әлем жады» деректі мұралар тізіміне енуі. Төл тарихымызды зерделеу, өнеріміз бен мәдениетімізді өркендету үшін әлі көп жұмыс істелуге тиіс.
Құрылтай мүшелері жаңа технологиялардың мемлекеттік басқару, экономика, білім беру және әлеуметтік салалардағы рөліне ерекше назар аударды. Қазақстанда цифрлық қызметтердің сапасын арттыру, жасанды интеллектті жауапты әрі қауіпсіз енгізу, деректерді қорғау және жаңа технологиялар негізінде азаматтардың өмір сапасын жақсарту мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев білім, ғылым және жоғары технология саласына қомақты инвестиция салынатынын айтты. Себебі адам капиталының сапасын арттыру – айрықша маңызды міндет. Бұл, әсіресе, ел дамуының қазіргідей тарихи, бетбұрысты кезеңінде халқымыздың болашағына тікелей әсерін тигізеді.
АСАНӘЛІ ЖАНАТҰЛЫ, ҚОЗЫБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІ СТУДЕНТТІК ҮКІМЕТІНІҢ ПРЕЗИДЕНТІ