Негізгі Жаңалықтар Назар аударыңыз-көктайғақ!

Назар аударыңыз-көктайғақ!

Қыс мезгіліндегі көктайғақ жол-көлік оқиғаларының басты себептерінің бірі. Осындай қолайсыз жағдайға байланысты Солтүстік Қазақстан облысында «Қауіпсіз жол! Назар аударыңыз-көктайғақ!» деп аталатын ауқымды профилактикалық акция басталды. Оның мақсаты жол-көлік оқиғаларының алдын алу және тұрғындарға қарапайым қауіпсіздік ережелерін еске салу.

Акция Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының бастамасымен қолға алынған. Іс-шараны әкімдік және Полиция департаменті бірлесіп ұйымдастыруда. Профилактикалық жұмыстар жол-көлік оқиғалары жиі орын алатын учаскелерде, жаяу жүргіншілер өткелдерінде, қоғамдық көлік аялдамаларында және білім беру ұйымдарының маңында жүргізілуде.

СНХ: АЛМАС АСАИНОВ, СҚО ПРОКУРАТУРАСЫ ҚОҒАМДЫҚ МҮДДЕЛЕРДІ ҚОРҒАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ПРОКУРОРЫ

Акция барысында қысқы көктайғақ кезінде жол-көлік оқиғаларының алдын алуға ерекше көңіл бөлінеді. Мамандар жүргізушілерге ақпараттық парақшалар таратып, жылдамдықты сақтаудың, қысқы шиналарды пайдаланудың және жарықшағылдырғыш элементтерді қолданудың маңызын түсіндіруде.

«Қауіпсіз жол! Назар аударыңыз-көктайғақ!» акциясы Солтүстік Қазақстан облысының барлық аудандарында өтуде. Полиция қызметкерлері жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, мұқият болуға және жолдағы қауіпсіздіктің бәрімізге ортақ жауапкершілік екенін ұмытпауға шақырады.


Бөлісу

Аймақтық телеарналар