Петропавлда көктемгі су тасқының бірінші толқыны аяқталуға жақын. Қазіргі таңда басты назар Сергеев су қоймасында. Себебі, бұл нысан тасқын жағдайын реттеуде маңызды рөл атқарады.
7 сәуірдегі гидрологиялық мониторинг деректері бойынша Сергеев қоймасындағы судың деңгейі 168 см құрайды. Бір апта ішінде бұл көрсеткіш 2 см –ге төмендеген. Ал, Петропавлда 1 см ге артқан. Мамандардың айтуынша, облыстағы жолдарға қауіп жақындап келеді. Айта кетейік, бүгінге дейін аудандық және республикалық маңызы бар жолдарды су шаю жағдайлары тіркелген еді. Бүгінде саяжай тұрғындарымен профилактикалық кездесулер өткізіліп жатыр. Бірақ, құтқарушылардың айтуынша, оларды эвакуациялаудың қажеті жоқ.
СНХ: ВЛАДИМИР ХУТИНАЕВ – СҚО ТЖД ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ ЖЕДЕЛ БАСҚАРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСТЫҒЫ