«АUYL FEST» қаз шаруашылығы» І халықаралық түркі этномәдени фестивалі аясында түрлі көрмелер мен сайыстар да ұйымдастырылды. Сондай-ақ, орталық алаңда қала тұрғындары мен қонақтары үшін арнайы концерттік бағдарлама қойылды. Қаз шаруашылығын насихаттауға арналған фестиваль жоғары деңгейде өтіп, адамдарға керемет көңіл күй сыйлады.
СТЕНДАП: АСНУРИЯ АБДУЛА, ТІЛШІ:
- Облыста мұндай Халықаралық қаздар фестивалі алғаш рет ұйымдастырылды. Ерекше әрі қызықты іс-шараға Венгрия, Татарстан, Башқұрстан мен Мари Эль республикасынан келген құс шаруашылығының жетекші мамандары қатысты.
Фестиваль Н.Погодин атындағы театрдың алдындағы алаңда ашылды. бҰл жерде өңірдің тауар өндірушілері жәрмеңке ұйымдастырды. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы техникасының жәрмеңкесі өтті. Рашид Саидгалиев Башқұртстан республикасынан келген қонақ. Кәсіпкер қазақстандықтармен 20 жылдан астам уақыт бойы тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеп келеді.
СНХ: РАШИД САИДГАЛИЕВ, «АСЯНОВСКОЙ» ҚҰС ФАБРИКАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛТАЙШЫСЫ
Ауқымды деңгейде ұйымдастырылған іс-шараға келген халықтың қарасы қалың болды.
Ал, Н. Погодин атындағы театр ғимаратының ішінде аспаздар жарысы өтті.
СТЕНДАП: АСНУРИЯ АБДУА, ТІЛШІ:
- Жарыста жергілікті және шетелдік аспаздар қаз етінен ең дәмді тағам әзірлеп жарысты. Жеңіңмпаз атанған командарларға ақшалай сыйлықтар берілді.
Аспаздар сайысындағы басты талап – тағамның бағасы 25 мың теңгеден аспауы тиіс болды. Жарысқа Мажарстаннан келген Томаш Штиллер де қатысты. Бас аспаздың 15 жылдық тәжірибесі бар.
СНХ: ТОМАШ ШТИЛЛЕР, БАС АСПАЗ, ВЕНГРИЯ
Фестиваль орталық алаңда жалғасты. Мұнда этно-фольклорлық ансамбльдердің қатысуымен концерттік бағдарлама қойылып, қазақтың асық ату және гір көтеру, артқан тартыс секілді, тағы да басқа спорттық ойындардан сайыс өтті. Сондай-ақ, көрермендердің қызығушылын тудырған сайыс «қаздар жарысы» болды.
СНХ: ӘЛФАРАБИ МЫҢБАЙ, “АУЫЛ” ПАРТИЯСЫ СҚОФ ЖАНЫНДАҒЫ «АУЫЛ ЖАСТАРЫ» ҚБ ТӨРАҒАСЫ
«Қаз жарысы» облыста алғаш рет ұйымдастырылды. Сайысқа Есіл, Мамлют, Айыртау және Қызылжар аудандарынан әкелінген құстар қатыстырылды. Жарыс қорытындысы бойынша, 1 орынға Қызылжар ауданынан келген Ахиллес атты қаз ие болды.
Айта кетейік, фестиваль «Ауыл партиясының» 25 жылдығы аясында өткізілді. Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов және «Ауыл партиясының төрағасы Серік Егізбаев өткізілген түрлі іс-шараларға куә болып, сайыстарға да қатысты.