«Қызылжар» орталық мешітінің ұйымдастыруымен Құран жарысынан бесінші облыстық сайыс өтті. Оған өңірдің барлық мешіттеріндегі сауат ашу курсының 6 мен 18 жас аралығындағы 70-ке тарта тәлімгері қатысты.

Азамат Төлеуханның «Қызылжар» мешітіндегі сауат ашу курсында тәлім алып жүргеніне 3 жылға жуық. Қазіргі күні арабша жазуды емін-еркін меңгерген ол, құран кітапты еш мүдірместен оқып, ондағы сүрелер мен хадистерді жатқа айтады. Құран жарысына қатысып отырғанына екінші жыл.

СНХ: АЗАМАТ ТӨЛЕУХАН – САЙЫСҚА ҚАТЫСУШЫ 


Облыстық «Құран жарысы» осымен қатарынан бесінші жыл өткізіліп отыр. Дәстүрге айналған жарыс мақсаты, жастарды имандылыққа тәрбиелеу. Ал имандылық - адамгершіліктің ең биік шыңы.

СНХ: ХАМЗАТ ӘДІЛБЕКОВ – ОБЛЫСТЫҢ БАС ИМАМЫ


Құран-кәрімдегі хадистерді, сүрелерді, жатқа айтудан өз білімдері мен біліктілігін ортаға салған тәлімгердің жас ерекшеліктері 6 мен 18 жас аралығында.

СНХ: СЕРІК АХМЕТ – ҚМДБ ҚҰРАН СЕКТОРЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ


Дәстүрге айналған құран жарысына қатысушылар қарасы жыл сайын артып келеді. Биылғы іс-шараға өтініш бергендер саны - 67. Сайысқа қатысушылар алты аталым бойынша сынға түсті. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталады. Бас жүлде кіші қажылық, умраға жолдама Төлеухан Азаматқа бұйырды.