Наурыз қазақ халқы үшін ерекше мейрам. Және оның осындай кең көлемде аталып өтуі көңіл қуантады. Бүгін Петропавлдағы бас алаңға жиналған көпшіліктің қарасы қалың. Олар үшін арнайы Мирас Жүгінісовте келді.

Наурыз – жаңа жылдың бастауы. Наурыз – ынтымақ пен бірліктің мерекесі. Бүгін 21 наурыз – наурызнама онкүндігіне сәйкес «Ынтымақ күні». Бұл татулық пен достықты нығайту үшін бағытталған. Халқымыздың бір-біріне ізгі тілектерін арнап, ортақ құндылықтарды дәріптеуі, жалпы наурыз мерекесінің маңыздылығын арттырады. Мерекелік концертте де өзге этнос өкілдерінің әндері шырқалып, би биленді.

Ұлыстың ұлы күніне орай Петропавлда ұйымдастырылған бұл іс-шара әрбір тұрғынға ерекше әсер қалдыратыны сөззіз. Себебі басты алаңда алтыбақан құрылып, қазан-ошақта ұлттық тағамдар дайындалды. Жылқы мен түйе де болып, бір сәт қазақ ауылына айналды. Мерекелік бағдарлама ән, бимен жалғасты.

Бұл күні бас алаңда қара темірді қайыстай илейтін, танымал қазақстандық спортшы, қазақ балуандарының дәстүрін жалғастырушы Сергей Цырульников өнер көрсетті. Ол 7 рет Қазақстан, 5 рет әлем рекордын жаңартқан. Оның есімі Гиннес рекордтар кітабына енген. Бүгін жиналған көпшіліктің алдында өзінің ерекше трюктерін көрсетіп, мерекемен құттықтады.

СНХ: СЕРГЕЙ ЦЫРУЛЬНИКОВ, ӘЛЕМНІҢ БІРНЕШЕ ДҮРКІН РЕКОРДШЫСЫ


Ұлыстың ұлы күні алаңға жиналған халық бірін-бірі жаңару мерекесімен құттықтап, ізгі тілектерін білдірді.

Наурыз - Жер-ана оянып, ақтың молаятын, жарықтың ұзаратын, тіршіліктің жаңаратын, көңілдің кеңитін кезеңі. Бұл - ұлттық құндылықтарды дәріптеуге мүмкіндік беретінін ерекше мереке.