Аққайың ауданында ауқымды жаңару жүріп жатыр.  Шағалалы елді мекенінде көптен бос тұрған ғимарат жөнделіп,  жергілікті дәрігерлік амбулатория осында  көшірілді.  Нысан Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Тұңғыш Президент күніне орай пайдалануға берілді. 

 Бұл ғимарат 30 жыл бойы  қаңырап бос тұрды.  Биыл мұнда күрделі жөндеу жүргізіліп, нысан ға жергілікті дәрігерлік амбулатория орналасты. Мұнда енді екпе салу кабинеті,  дәрігерлерді қабылдау бөлмелері мен стоматолог кабинеті бар.  Ғимаратты қалпына келтіру үшін  110 млн теңге жұмсалды. 

МАМАДИЯР БАЙҒҰЛОВ, АҚҚАЙЫҢ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ:

- Амбулаторияда бөлек фильтр кабинетін де аштық. Жұқпалы ауруы бар науқастар осында қаралады.  Жалпы медицина мамандарының  жұмысына бар жағдай жасалған.   Бұрынан істеп келе жатқан ұжымның сақталып қалғанына қуаныштымыз. Бәрі де кәсіби мамандар. Жұмысқа жас мамандарды да тартамыз.Бірден  баспана, көтерме ақы мәселесін шешеміз. 

Аққайың ауданында мемлекеттік бағдарламаларға сұраныс жоғары.  Айталық «Дипломмен ауылға» жобасы аясында дәрігер тапшылығы шешіліп жатыр. 

ЛАУРА БОРАНБАЕВА, ДӘРІГЕРЛІК АМБУЛАТОРИЯНЫҢ МЕЙІРБИКЕСІ:

- Квартира хорошая, нам нравится очень, лично мне здесь нравится жить и работать. Население хорошее, мне нравится здесь работать и коллектив тоже хороший.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша,  амбулатория орналасқан бұрыңғы ғимарат ескі, дәліздері тар, кабинеттері суық еді.

- Бұрын біз үшін өте ыңғайсыз еді.  Қараңғы ғимарат,  тар, науқастардың арасында қашықтықты сақтау мүмкін болмады.  Қазір бәрі жақсы. Кең әрі жарық,  осында келіп, расында да ем шараларын аласың сапалы қызмет алуға бар жағдай жасалған.  

Бір айта кететіні, қалпына келтірілген ғимаратта  учаскелік инспектор да орналасты.    

АСҚАР ТҰРЛЫБАЕВ, АҚҚАЙЫҢ АУДАНДЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Полицияның тірек пунктіне кіру есігі бөлек.  Мұнда қоғамдық тәртіпті сақтап, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажетті құрылғылардың бәрі бар.  

Оған қоса ауылдық әкімдік пен жергілікті пошта бөлімшесі де енді осында орналаспақ.