Петропавлда қала әкімнің дәстүрлі жаңа жылдық шыршасы өтті. Мерекелік іс-шараға жүзден астам бала қатысып, қуанышқа бөленді.
Мерекелік кешке 9 бен 13 жас аралығындағы балалар қатысты. Әкім шыршасына көпбалалы, әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасылардың балалары, сондай-ақ оқу озаттары мен республикалық және халықаралық байқаулардың жеңімпаздары қатысты.
СЕРІК МҰХАМЕДИЕВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:
- Армандарың орындалып, адал достарың көп болсын сабақтарыңды жақсы оқып ата-аналарыңда қуанта беріңдер.
Жасмин Әміреқұл бүгін танымал «Сұлу мен құбыжық» ертегісіндегі Белльдің бейнесінде. Ол Кожаберген жырау атындағы №6 орта мектептің оқушысы. Жаңа жыл қарсаңында мерекелік кешке қатысушылар қатарынан табылғанына ерекше қуанышты.
ЖАСМИН ӘМІРЕҚҰЛ – ҚОЖАБЕРГЕН ЖЫРАУ АТЫНДАҒЫ №6 МЕКТЕП ОҚУШЫСЫ:
- Мен бүгін жаңа жылға келдім. Және де менің осы костюмім Белльдікіндей болды. Себебі ол қыста жаңа жылды тойылады. Ол жанындағы адамдарға жаңа жылды қалай қарсы алу керектігін көрсетті. +скл 00:22 – 00:32 Осы 2025 жаңа жылыдна барлықтарыңызға жақсы тілек, амандық тілеймін денсаулықтарыңыз мықты болсын.