Есіл ауданына 40 жыл бұрын әкелінген 20 лақ үйір-үйір маралға айналды. «Крансый бор» жануарларды қорғау аймағында 5 қорықшы-инспектор еңбек етіп жүр. Табиғат жанашырлары жыл он екі ай бойы қарамағындағы 1200-ден астам марал, 460 қабан мен 1500 елікті бағады. Өздері қысқы азығын даярлап, жануарарды браоньерлерден қорғайды. Солардың бірі Руслан Құсайынов. Маралды мекендегі қорықшылардың жұмысы жайында әріптесім Эльмира Кәленова әзірлеген материал.

Руслан Құсайынов, қорықшы:

- 10 жылға жуық жұмыс істеп жүрмін. Осында әкем істеген менің, атам істеген. Көру қабілеті, есту қабілеттіліктері өте жақсы дамыған. Үркіп, шошып, нетсе, 1-2 күн жоламай қояды. Бұлар иіске жақсы сезеді. Киім ауыстырғанда, даже мынау жем салатын шелек ауысқанда өздері мынау сескеніп тұрады. Иіссу дегенді біз пайдаланбаймыз. Өзіміздің табиғи иіспен жүреміз.

Негізгі қоректері жем, шөп, міне осы сыпырғыш беріледі. Мә-мә

Үйдің жанындағы үйірдің аталығы міне, осы біреу. Бұның өзі үлкендігін, жасын, мына мүйізінің тармағынан білеуге болады. Мынау міне, 8-9-ға келген марал. Осы жердегі үйірді басқаратын осы. Бөтендерді қоспайды мұнда. Өздерінің үйірлерін өздері ұстайды.

Руслан Құсайынов, қорықшы:

- Мына жерде бізде шөп салынады. Осы жерде міне 4 кормушка бар. Қазір қаз аздау ғой, тебіндікте тауып жүр, қорегін, бәрін. Бір жылынып күн, бір суытқанда ана бетіне корка пайда болады да, содан тебе алмай қалады.

Күн нағыз ысып, жылынған кезде сол төлдеуді бастайды. Жасылдай сыпырғыш жинаймыз, содан кейін шөпке кірісеміз, шөп. Сосын мына күзге қаратай, мына кормушкаларды бүкілін ремонттап, мыналарды міне, жаңадлан істедік.

Күніне бір рет мына снегоходпен, жаз болса машинамен барлау жұмыстары жүргізіліп тұрады бізде. 31 мың гектар жеріміз бар. Соны айналып, қарап шығамыз. Браконьерлер болады.

Осы ауылда тұрамын. Жұмыс істейтін жерім осыннан 5 шақырым жер. Ауылда 5 үй бар. Көбі мал ұстайды, мал ұстағасын осында тұрып жатырмыз.

Бір жаққа жол жүріп кетіеп қалған кезде осында асығып тұрасың, жайланып жатыр ма, жайланбай жатыр ма. Өзің күндегі жұмысың болғаннан кейін, өзің көзіңмен көріп, істегеннен кейін уайымдайсың.