Қазіргі уақытта Петропавлдағы аналар үйінде 5 ана мен 7 бала тұрады. Мұндағы мамандар 11 жыл бойы өмірлік қиын жағдайға тап болған тұрғындарға көмек беріп, қолдау көрсетіп келеді. Жастар ресурстық орталығының еріктілері де оларды назардан тыс қалдырмайды.

Петропавлдағы аналар үйіне жастар ресурстық орталығының еріктілері келді. Жаңа жыл мерекесіне орай белсенділер аналар мен балаларға сыйлық беріп,жаңа жылдық көңіл-күй сыйлады. Жалпы, волонтерлер бұл мекемеге тек мереке күндері ғана емес, тұрақты негізде көмектесіп тұрады.

АЙСҰЛУ БЕКІМОВА, ПЕТРОПАВЛ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ НҰСҚАУШЫСЫ:

- Біз аналар үйіне жиі келеміз. Олар бізге не керектігі жайлы айтады. Мысалы, балаларға арналған киімдер, гигиеналық заттар немесе азық-түлік. Ал бүгін біз жаңа жыл мерекесі қарсаңында арнайы құттықтап келдік. Сыйлықтар, жеміс-жидектер және тәттілермен қуанттық.

Айта кетейік, қазір облыс орталығындағы аналар үйінде 5 ана мен 7 бала қажетті көмек пен қолдау алып жатыр. Олар мамандардың бақылауында, психологпен жұмыс істейді. Еленаның бұл жерде тұрып жатқанына 4 ай болған.

- Менің әкем де шешем де жоқ. Айналамда қол ұшын созатын адам кемде-кем. Ал аналар үйі маған жаңа үміт сыйлады. Жаңа өмір бастадым десем болады. Мұндағы жагдай мені және баламды киім-кешек және азық-түлікпен қамтамасыз етті. Еріктілер мейрам сайын сыйлықтарымен келіп қуантып тұрады.

Айта кету керек, аналар үйінде алты айға дейін көмек пен қажетті қолдау алуға болады.