Өткен демалыс күндері Жаңа жылдық шыршаның шамдары Бірлік шағын ауданында да жағылды. Мерекелік іс-шараға 100-ден астам тұрғын жиналды. Кеште ойындар ойнатылды, ән шырқалып, би биленді.
Шамдары жарқыраған шыршаны айнала билеген тұрғындардың да көңіл-күйі ерекше. Ал, сахнада облыс орталығының танымал өнерпаздары жаңажылдық әндерден шашу шашты.
САНЖАР ИЛЬЯШЕВ, МЕРЕКЕ ЖҮРГІЗУШІСІ:
- «Бірлік» шағынауданының тұрғындарын келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтауға жиналып отырмыз. Осы жыл көбіне оңай тиген жоқ, сондықтан тұрғындарға мерекелік көңіл-күй сыйлауды жөн көрдік. Бұған дейін Заречный ықшамауданында концерт өткіздік. Келер жыл бәрімізге бақыт әкелсін.
Мереке қонақтары өз кезегінде ризашылықтарын білдірді. Олар әсерлерімен бөлісіп, Жаңа жылмен құттықтады.
2024 жылмен қоштасып жатқан облыс орталығы тұрғындары өткен жылға өкпе жоқ, ал келер жылдан үміт көп екенін айтады.