Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов іс-сапарымен Есіл ауданына барды. Облыс әкімі «Азия Тораңғұл» серіктестігінің бірнеше нысанын аралады. Петр Гольцер басқарған шаруашылық ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартып, жұмысшыларына қолайлы еңбек жағдайын жасаған.

Өңір басшысы «Азия Тарангул» серіктестігінің бірнеше нысанында болды. Шаруашылық басшысы Петр Гольцер ауыл тұрғындарына жақсы жағдай жасап отыр.

- Вот эти дома свежие, это ваши дома?

- Да, вот этот второй дом мы уже достроили. Там на углу.

- И сколько квадратов дома?

-125 кв.метров.

- Хорошо, хорошо. Вы своим специалистам выдаете, да?

-Да. Приезжим тоже. Кто желает жить здесь.

ораңғұл ауылында серіктестік жұмысшыларына арналған 16 пәтерлі жаңа отбасылық жатақхана орналасқан. Облыс әкімі Михаил Волошко мен Лилия Епифанованың отбасын келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Михаил шаруашылықта бас зоотехник болса, ал жұбайы асханада меңгеруші. Бұған қоса, ауылда жұмысшыларға арналған екі пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жалғасқан. Бұл өз кезегінде ауыл шаруашылығы кәсіпорнының жоғары әлеуметтік жауапкершілігінің айқын көрінісі.

Ғауез Нұрмұхамбетов сондай-ақ сыйымдылығы 10 мың тонналық шағын элеваторды аралап, 800 басқа арналған жаңа сүт-тауар фермасын көрді. Бұл өңірді сапалы сүтпен қамтамасыз етуге көмектесетін заманауи кешен. Облыста барлығы 19 жаңа сүт фермасы іске қосылды. Бұл шаруашылықтар толық қуатқа шыққаннан кейін сүт өндірісін 70 мың тоннаға арттырып, 500 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған.