ПетропавлДА ЖАҢА ЖЫЛ ҚАРСАҢЫНДА ретро-такси жолға шығып, жолаушы тасып жүр. Газ 21 «Волга» автокөлігінің иесі - Игорь Шешуринов. Ол осылайша тұрғындарға мерекелік көңіл-күй сыйламақ ниетте. Волганың ішіне отырған адам әсем ән тыңдап, жайлылықта діттеген жеріне жетіп алады. Көпшілік бұл көлікке мініп, жастық шақтарын еске алып жүр.
АСНУРИЯ АБДУЛА, ТІЛШІ:
- Бұл Волга автокөлігі иесі Игорь Шешуриновтан 5 жылға үлкен. Яғни, 1965 жылы шығарылған. Кейіпкеріміз оны он бір жыл бұрын Шымкенттегі досынан сатып алып, Петропавлға дейін мініп келген.
Қазіргі таңда сирек кездесетін «Волганың» көпшілігі коллекционерлердің қолында. Ал, Игорь Шешуринко болса бұл көлікті баптап мініп, қала ішінде жолаушыларды тасымалдап жүйткіп жүр. Темір тұлпар иесін жолда қалдырған емес. Арасында зуылдап Астана мен Шымкентке барып келеді. Ал,соңғы рет 840 шақырым жердегі Екатеринбургке сапарлап барған.
ИГОРЬ ШЕШУРИНОВ, ПЕТРОПАВЛ ТҰРҒЫНЫ:
- Мен 7 жасымда әкемнің досының «Волгасына» отырғаным есімде. Сол кезде бір дүниені байқадым. Менің әкемнің көлігінің маркасы басқа еді. Үнемі жел улеп тұратын. Ал, Волганың барлық терезесі ашық болса да, жел болған жоқ. Ал, артқы орындығы менің үйдегі төсегімдей жайлы болды. Сонда өз-өзіме «менің дәл осындай көлігім болады» деп уәде бергенмін.
Игорь Шешуринов такси қызметін көрсетуге жолға шыққанда, өзі де ретро-стильде киініп алады. Бұл бас киімін арнайы тапсырыспен тіктірген.
ИГОРЬ ШЕШУРИНОВ, ПЕТРОПАВЛ ТҰРҒЫНЫ:
- Мен бір рет қызық үшін көліктің алдыңғы капотына бокалдағы суды қойдым. Сонымен қаланы түгел айналып шықтым. Ыдыс құлаған жоқ. Сондықтан, нық сеніммен айта аламын. Бұдан артығын көрмедім. Енді, мен өзімнің осы сүйікті Волгаммен жаңа жылда адамдарды тасымалдаймын. Мерекелік көңіл-күй сыйлаймын.
Түсірілім барысында Волғаға қызығУШЫЛЫҚ ТАНЫТЫП, Игорь ШешуриновТАН ОНЫ сатуды сұрағандар болды.
Сондай-ақ, Игорь Шешуриновтың бұдан басқа ГАЗ 24 «Волгасы» бар. Қазір петропавлдық оны да қалыпқа келтірумен айналысып жатыр.