Өңірде астан уланып бір күнде екі баласы қайтыс болған әйел бас прокуратураға шағымданды.

Қайғылы оқиға маусым айында Қызылжар ауданындағы Нажедка ауылында тіркелген еді. Отбасы кешкі асқа дүкеннен тұшпара мен шұжық алып жеген. Содан кейін балалар бірінен соң бірі ауырып, ауыл фельдшерін шақыртан. Түнде 3 жасар ұл, ал таңда 6 жастағы қыз бала көз жұмған болатын. Анасы мен үйдің тұңғышы ауруханада емделіп шықты. Сараптама балалардың тағам құрамындағы нитраттан уланғанын көрсетті. Екі кісінің өліміне қатысты іс қозғалып, қылмыстық құрамы жоқ деген себеппен қазан айында жабылған еді. Одан кейін міндетін тиісті деңгейде орындамағаны үшін медбикеге қатысты іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.

ГАЛИНА КОВАЛЕНКО, ҚАЙТЫС БОЛҒАН БАЛАЛАРДЫҢ АНАСЫ:

Аудара Балалардың тамақтан уланғаны дәлелденді. Жарты жылдан артық уақыт өтсе де, ешкім жазаланған жоқ. Мен екі баламнан айрылдым. Ал айыптылар бостандықта жүр. Әділдік орнайды деген үмітпен бас прокуратураға арызт жаздым.