Солтүстік Қазақстан облысында мемлекетке қайтарған активтер есебінен қаржыландырылатын ауқымды әлеуметтік жобалар іске асырылып жатыр. 30 ауылдық елді мекенде су құбыры желілерінің құрылысы жүргізілуде.
Іске асырылып жатқан жобалардың арқасында 11 мыңнан астам тұрғын сапалы ауыз суға қол жеткізеді. Қазіргі уақытта су құбыры желілерін төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Құрылысты биылғы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Бұл жоба – өңірде жүзеге асырылып жатқан ауқымды бағдарламаның бір бөлігі. Жалпы, Солтүстік Қазақстан облысында мемлекетке қайтарылған активтер есебінен 33 жоба іске асырылып жатыр. Мамандардың пікірінше, мұндай тәсіл – өңірді дамыту мен халықтың әл-ауқатын арттырудың тиімді тетігі.