Петропавлда “Мерейлі отбасы” республикалық байқауының қалалық кезеңі өз мәресіне жетті. Байқауға қатысқан бес отбасы да берік отбасылық құндылықтар мен шынайы бірліктің үлгісін көрсетті. Жеңімпаздардың бірі — өнер мен еңбекті ұштастырып, өзгеге үлгі бола білген Волощук отбасымен арна тілшісі арнайы барып сұхбаттасты.

СНХ: ӘСЕМ ӘКІМҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

- Петропавлда «Мерейлі отбасы» байқауының қалалық кезеңі өтті. Жеңімпаздар арасында атанған Волощук отбасы енді облыстық кезеңде Петропавл қаласының намысын қорғайды.

Юлия Волощук — Аринa мен Маргаритa есімді екі қыздың анасы. Олармен Юлияның кенже інісі Алмас та бірге тұрады. Отағасы ауыл шаруашылығында еңбек етеді. Байқау жайлы еріктілер арқылы біліпті. Юлияның айтуынша, бұл байқау отбасын бұрынғыдан да жақындастырып, бірге уақыт өткізуге себеп болған. Енді бұл отбасылық дәстүрге айналмақ.

СНХР: ЮЛИЯ ВОЛОЩУК, «МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫНА ҚАТЫСУШЫ


Балалар байқауға үлкен қызығушылықпен қатысты. Ата-аналары олардың тәрбиесіне мұқият көңіл бөліп, үлкендерді құрметтеу, туған-туыстар арасындағы қарым-қатынастың жақсы болуы туралы жиі айтып, отбасылық дәстүрлерді насихаттауға тырысады.

СНХР: АРИНА ВОЛОЩУК, ҚЫЗЫ


Мұндай байқаулар отбасы байланыстарын нығайтуға және отбасылық құндылықтарды насихаттауға үлкен үлес қосады. Енді Волощук отбасы Петропавл атынан облыстық кезеңге қатысып, Солтүстік Қазақстан облысының үздік отбасы атағы үшін сынға түседі.